Суббота, 14 июня, 2025
Жаңалықтар

«Балалар қорғау күніне» арналған мерекелік іс-шара

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алатау қызмет көрсету орталығында ашық аспан астында кең ауқымды мерекелік шара ұйымдастырылды.

Спорт алаңында өткен бұл мерекеде қызмет алушылар үшін түрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Дәмді тағамдар, тәтті жемістер мен салқын сусындар ұсынылып, барлық қатысушылар ерекше көңіл күйге бөленді.

Алаңда арнайы безендірілген фото-зоналар мен сабын көпіршіктері орнатылып, қызмет алушылар естелік суреттерге түсті. Аниматорлар көңілді ойындар өткізіп, қатысушылардың көтеріңкі көңіл күйін арттыра түсті.

Шараның ерекше сәттерінің бірі — сәндік дефиле болды. Қызмет алушылар өз киім үлгілерін көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін паш етті. Сонымен қатар, стилисттер мен визажистер бет әрлеу, шаш үлгілері мен макияж жасап, ал суретшілер бетке сурет салып, мерекелік атмосфераны толықтырды.

Бұл күн қызмет алушыларға шынайы қуаныш, жылылық пен ұмытылмас әсер сыйлады.