Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні
Бүгін Алатау орталығында өткен іс-шарада арулар қауымы Отан қорғаушылар күніне орай ер азаматтарды ерекше ықыласпен құттықтады. Жылы тілектер айтылып, шынайы алғыстар білдірілді. Музыкалық қойылымдар мен патриоттық әндер кештің сәнін кіргізді. Сонымен қатар, концерт барысында жас өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мерекелік кеш достық пен бірліктің, құрмет пен сыйластықтың белгісіне айналды.