Тәуелсіздік Күніне Орай
Бүгін әлеуметтік және күнделікті бағдар маманы Кулмуратова Гульфия «Тәуелсіз елім – Қазақстаным» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында қызмет алушылар Тәуелсіздік күніне арнап салат пен торт әзірледі. Бұл шара олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұжымдық жұмысқа бейімделуіне және патриоттық сезімдерін нығайтуға бағытталды. Сабақ достық пен мерекелік көңіл күйде өтті.