Четверг, 25 июля, 2024
Әлеуметтік блокЖаңалықтарМедициналық блокШаруашылық блогы

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 5 маусымда жалпыхалықтық референдум өтеді

Республикалық референдум — Қазақстан Республикасының Ата заңына, конституциялық заңдарының және мемлекет өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша, бүкiл халықтық дауыс беру болып саналады.Референдумның талқысына Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу ұсынылып отыр.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамалардың негізгі мақсаты –еліміздегі саяси жүйені түпкілікті өзгерту,сонымен қатар халқымыздың жылдар бойы туындаған талап-тілектері.Сол себепті азаматтардың талаптарын  референдум өткізу арқылы және референдумға өз еркiн ашық бiлдiруіне, жалпыға бiрдей, тең және төте қатысу құқығы арқылы жариялылық принциптерiне сай өтуіне атсалысуымыз керек. Президентіміз атап өткендей Ата заң бабтарының үштен біріне өзгертулер енгізілу ұсынылып отыр,сол себепті мүндай ауқымды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуы тиіс.

Қазіргі таңда Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысымен «Алатау» әлеуметтік қызметтер орталығының директоры Гульфайруз Кабденқызы Қасымова № 385 референдум участкелік комиссиясының төрайымы болып және төрт қызметкер комиссия мүшелігіне сайланды. Орталық қызметкерлері арасында Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылау жұмыстарын жүргізу басты назарда.

Біздің мекеме мүмкіндігі шектеулі азаматтарға медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету орталығы болып табылатындықтан, референдумда қаралатын өзгерістер арқылы олардың құқықтарының сақталуы мен қорғалуына ерекше көңіл бөлінеді деп санаймыз.

Жаңа Қазақстан құруға барша Қазақстандықтарды өз азаматтық позицияларын білдіруге шақырамыз!